Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда жағдайы ауыр 2 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған
Алматыда коронавирус жұқтырған 2 адамның жағдайы ауыр.
13:23 02.04.2020
Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты.
«68 науқастың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. 10 ересек адамның жай-күйі орташа ауыр. 2 ересек адамның жағдайы ауыр. Олар өкпені жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Пациенттердің бірінде өкпенің обструктивті созылмалы ауруы бар болғандықтан оның жағдайы ауыр. Сонымен қатар оның бірқатар антибиотикке аллергиясы бары анықталды. Ал екінші пациентте өкпенің екі жақты пневмониясы болғандықтан, оның да жағдайы ауырлап отыр», - деді Тілеухан Әбілдаев.
Жұқтырғандардың арасында 1 бала бар, оның денсаулық жағдайы қазір қанағаттанарлық.
Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram