Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда жезөкшелердің қызметін ұсынған монша анықталды
Алматыда карантин енгізілгеніне қарамастан жезөкшелердің қызметін ұсынған монша анықталыды.
13:06 06.04.2020
“Саунаға қызметкерлеріміз кіріп барғанда ине шаншар орын болмаған, адам лық толы. Монша жұмысшылары – әкімші, қызмет көрсету қызметкерлері, сондай-ақ жеңіл жүрісті қыздар да жұмысын тоқтатпаған. Екі жүргізуші жалданып жұмыс істеген, міндеті — жезөкшелерді тасу болыпты. Күніне олар 10 мың теңгеден алып отырған. Моншаға жасалған рейд үстінде клиенттер үшін жеңіл жүрісті 5 ару жеткізілді. Барлығы санитарлық нормалардың ережесін сақтамай, кабинкаларда уақыт өткізді. Сол жерде болғандардың ешқайсысы қалада карантин болып жатқаны туралы естімегендей сыңай танытты”, – дейді Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.
1990 жылы туған А. есімді мекеме әкімшісі әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша жауапқа тартылды – ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің "жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жай беру" және "төтенше жағдай ережелерін бұзу".
“Монша ішінен шыққан басқа адамдарға төтенше жағдай ережелерін бұзғаны үшін айып тағылды. Олардың ішінде жеңіл жүрісті 5 әйел, екі көлік жүргізуші және үш клиент бар. Бұл бағыттағы жұмыс әрі қарай да жалғасады. Біз қолға түскен ақпараттың әрқайсысын ұдайы тексеріп отырамыз”, – дейді Б.Әбілбеков.
Дереккөз: Polisia.kz.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram