Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ШҚО-да қашып кеткен әскери қызметкер табылды
Шығыс Қазақстан облысында осыдан үш күн бұрын қашып кеткен әскери қызметкер ұсталды.
14:14 06.04.2020
Еске салайық, мұның алдында ШҚО-да әскери қызметкерге іздеу салынғаны хабарланған еді. Министрлік 3 сәуірде 5511 әскери бөлімінің қарапайым әскери қызметкері Жолдыбай Жанболат Асылханұлы әскери атыс полигонында қызмет етіп жатқан жерінен өз еркімен кетіп, белгісіз бағытқа кеткенін айтты.
"2020 жылдың 5 сәуірінде сағат 17:10 шамасында Знаменск ауылында 5511 әскери бөлімінің жеке құрамымен жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде сарбаз табылып, ұсталды. Себептері анықталуда", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram