{metadescription}
Қарағандыда коронавирус жұқтырған 3 адам ауыр халде жатыр

Қарағандыда коронавирус жұқтырған 3 адам ауыр халде жатыр

Қарағанды облысында 6 сәуір күні тағы 16 адамнан COVID-19 анықталды.

Вирус жұқтырғандардың барлығы – коронавирустан қайтыс болған адамның отбасы мүшелері және онымен байланыста болғандар. Олардың барлығы індетке қарсы қауіпсіздіктің қажетті шараларын сақтай отырып оқшауланған және ем қабылдауда.

Қарағанды облысында 6 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны – 48. Үш науқас реанимацияда ауыр халде жатыр, олардың біреуі өздігінен тыныс алады. Тағы үшеуінің жағдайы – орташа ауыр деңгейде.

Барлық жұқтыруы мүмкін адамдарды анықтау үшін мұқият эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде. Вирус жұқтырған адамдармен байланыста болғандар оқшауланған.

Қарағанды облысында үй карантинінде 1 346 адам жатыр. 862 пациент тәулік бойы бақылауда, оның ішінде 48-і инфекциялық стационарда. Пневмония мен ЖРВИ-ға күдігі бар науқастарды емдеу үшін облыс қалаларында пульмонологиялық орталықтар ашылды. Вирустық инфекциямен ауыратын науқастарға мамандандырылған жедел бригадалар қызмет көрсетеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.