{metadescription}
Зообақтағы жолбарыстан коронавирус табылды

Зообақтағы жолбарыстан коронавирус табылды

Нью-Йорктегі Бронкс зообағында Нади аталған төрт жасар малай жолбарысының өлекшінінен (ұрғашы) коронавирус анықталды.

«Жолбарыстан құрғақ жөтелі байқалған. Жыртқыш сауығып кетуі тиіс», - делінген Жабайы табиғатты қорғау қоғамының хабарламасында.

Бұл COVID-19 вирусы адамнан жабайы жануарға жұққан алғашқы жағдай. Осыған дейін коронавирус адамнан мысыққа және итке жұққан оқиға тіркелген.

АҚШ-тың Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, зообақтағы басқа бес жолбарыс пен арыстанда респираторлық ауру белгісі болғаннан кейін жолбарыстан сынама алынған. Зообақ өкілдерінің айтуынша, тәбетті аздап төмендегеніне қарамастан, Бронкс зообағындағы мысық тұқымдас жыртқыштардың жағдайы жақсы. Аңдарды ветеринарлар бақылап отыр.

Мамандар барлық жыртқыш жазылып кетеді деп болжап отыр. Жануарлар ауруды «симптомсыз» ауырған зообақ қызметкерінен жұқтырған. Айта кетерлігі, Бронкс зообағы 16 наурыздан бастап жабылды. АҚШ-тың Ауыл шаруашылығы министрлігі коронавирус жұқтырғандардың барлығына вирустың әсері туралы ақпарат пайда болғанша, үй жануарларымен, басқада аңдармен байланысты барынша азайтуға кеңес береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде