Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ата-анасы ұл балаға коронавирустың құрметіне есім берді
Ресейде жаңа туған сәбиге оның ата-анасы коронавирустың құрметіне есім берді.
17:54 06.04.2020
Кемерово облысына қарасты Новокузнецкте ұл балаға Ковид (COVID, COrona VIrus Disease, яғни "коронавирус ауруы" сөзінің қысқартылуы ) есімі қойлыпты. Ерекше есімге ие болған баланың әке-шешесі өздерінің бұл шешімін бұл есімнің бұрын-соңды еш кездесепегенін айтып мақтаныпты. Ерлі-зайыптылар Ковид есімі өзгеше әрі мықты энергетикаға ие екеніне сенеді.
"Бұл сіздерге Ваня, Саня, Коля, Толя, Коля емес. Бұл есімді ешкіммен шатастырмайсың", - дейді дара атқа ие болған нәрестенің ата-анасы.
Сондай-ақ олар бұл есімнің олардың балаларына сәттілік әкелетініне сенетінін айтыпты. Ресейлік балақай коронавирустың құрметіне есімге ие болғандардың алғашықысы емес. Бұған дейін Үндістанда ерлі-зайыптылар қызына Корона деген есім беріпті.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram