Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Коронавирус жұқтырған ерлі-зайыпты бір күнде көз жұмды
АҚШ-та 51 жыл бойы отасқан ерлі-зайыпты бір күнде көз жұмды.
19:18 06.04.2020
Олардың баласы Бадди Бейкердің айтуынша, 74 жастағы әкесі мен 72 жастағы анасы коронавирустан қайтыс болған. Арасы алты минут.
"Ата-анамның денсаулығы өте жақсы болатын. Алайда өткен айда оларда пневмонияның жеңіл түрі анықталып, ауруханаға жеткізілді. Астмамен ауыратын әкем ауруханада қалды. Ал анам үйге жіберілді", - дейді ол.
Кейін дәрігерлер әкесінің коронавирус жұқтырғанын анықтаған. Балалары бұл туралы анасына айтпаған. Бірақ оны да ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылдапты. 45 минуттан соң әйелде де COVID-19 анықталды. Дәрігерлер екеуінің бір бөлмеде болуына мүмкіндік берді. Коронавирус жұқтырғандардың ең көбі АҚШ-та тіркелген. Бұл көрсеткіш 355 мыңнан асты. Тоғыз жарым мың адам көз жұмып, 17 мың адам жазылған.
Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram