Қазақстанның бірнеше облысында қар жауды
Бүгін Қостанай облысында жаңбыр мен қар жауып, жел соққан.
12:30 07.04.2020
Желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жеткен. Синоптиктердің мәліметінше, жылы және салқын ауа массаларының соқтығысуына байланысты өңірде ауа райы бұзылған.
Синоптиктердің мәліметінше, облыста қар әлі де жалғасады. Карантиннің алғашқы күні Ақтөбеде де қар жауған. 7 сәуірге қараған түні ауа райы бұзылған.
Сондай-ақ, таяуда қалада жауын-шашын жауып, ауа температурасы төмендегені айтылады. Батыс Қазақстан облысының кейбір аудандарында да қар жауғаны айтылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!