Алматыда балалар коронавирусты жиі жұқтыратын болған
Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Айзат Молдағасымова айтты.
14:07 07.04.2020
"Жас ерекшелігі бойынша айтатын болсақ. Осыған дейін 20-29 және 30-39 жастағы ересектер вирусты жиі жұқтыратын болса, қазір 50-59 жас аралығындағы науқастар көбейген. Сондай-ақ, 2-16 жас аралығындағы балалардың вирус жұқтыруы 88 пайызға өскен", - деді Молдағасымова.
Балалар көбіне індетті ата-анасынан жұқтырады екен. Aйта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 670-ке жетті.
Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!