Дәрігерлер қай өңірлерде коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
Пациенттермен жұмыс істей жүріп науқастанып қалған дәрігерлер сырқаттанғандардың жалпы санының 10%-ін құрады.
19:00 07.04.2020
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған 120 медицина қызметкерінің 67-сі науқастармен тікелей жұмыс істегенін, қалғаны әр түрлі себеппен ауырып қалғанын мәлімдеді. 6 сәуірдегі мәлімет бойынша 8 өңірде науқастармен жұмыс істеген дәрігерлер індетті жұқтырған:
Ақмола облысы – 1,
Атырау облысы – 2,
Қарағанды облысы – 4,
Қызылорда облысы – 1,
Солтүстік Қазақстан облысы – 6,
Түркістан облысы – 1,
Алматы қаласы – 21,
Нұр-Сұлтан қаласы - 31.
Осылайша, пациенттермен жұмыс істей жүріп науқастанып қалған дәрігерлер сырқаттанғандардың жалпы санының 10%-ін құрады.
"Қазіргі уақытта бір медицина қызметкері ауыр жағдайда, 9 науқастың жағдайы – орташа . Қалған 57 симптомдарсыз және жағдайы қанағаттанарлық, хаттамаға сәйкес емдеуден өтеді", - деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, кеше бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова Қазақстанда 120 медицина қызметкері індетке шалдыққанын мәлімдеген болатын.
Соңғы мәлімет бойынша 685 адам коронавирус жұқтырды, 6 адам қайтыс болып, елуі жазылып шықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!