{metadescription}
Зейнеткерге 42 500 теңге туралы айтуға келген адамды полиция іздеп жатыр

Зейнеткерге 42 500 теңге туралы айтуға келген адамды полиция іздеп жатыр

Петропавл полицейлері төтенше жағдайға байланысты жұмыссыз қалғандарға төленетін жәрдемақыға қатысты алғашқы қылмысты тергеп жатыр.

Петропавлда белгісіз біреу егде жастағы әйелдің 7 мың теңгесін ұрлап кетті. Облыс орталығының 1932 жылы туған 88 жастағы тұрғыны полиция басқармасына ақшасы жоғалғанын айтып арызданған.

"Белгісіз қылмыскер өзін әкімдіктің өкілімін деп таныстырып, егде жастағы әйелге оған тиесілі жәрдемақы бары туралы айтқан. Кейін бір стақан су сұратқан. Содан кейін үйдің кіреберісінде жатқан әмияннан 7 мың теңгені қолды етіп, ізін суытқан", - деп хабарлады полицейлер.  

Аталған факті Қазақстан Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді, тәртіп сақшылары қылмысты ашу бойынша жұмыс істеп жатыр. Полицейлер интернет арқылы мәміле жасаған кезде жарнаманы егжей-тегжейлі тексеруді және алдын ала төлемдер жасамауды ұсынады. Интернет-алаяқтар көбіне жоқ тауардың суретін немесе видеосын көрсетеді.

Жеке және қаржылық мәліметтерді: жеке куәліктің суретін, банк картасының пин-кодын, шот нөмірлерді, банк картасының сыртындағы үш саннан тұратын кодты, sms-хабарламасымен келетін растау кодтарын, әлеуметтік желі парақшаларындағы логин мен құпия сөздерді бөтен біреуге беруге болмайды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде