{metadescription}
Коронавирус жұқтырған тараздық дәрігер ауруханадағы сұмдық жағдайды айтты

Коронавирус жұқтырған тараздық дәрігер ауруханадағы сұмдық жағдайды айтты

Коронавирус жұқтырып алған жұқпалы аурулар бойынша дәрігер Толқынай Ордабаева Меркен ауданындағы аурухана басшылығы медициналық қызметкерлерін қорғаныс материалдарымен қамтамасыз етпегеніне шағымданды.

Дәрігер өңірдегі былықты желідегі парақшасында жариялады. Ордабаеваның айтуынша, ол вирусты карантинде науқастарды емдеп жүргенде жұқтырған. Дәрігердің айтуынша, оларға маска да берілмеген. Масканы өздеріне тігуге тура келген. Бұл ақыры иммунитеттің төмендеуіне әкеліп соққан.

"Науқастармен байланыста болғандарды 14-ші күні тексеру мүмкін болмады, себебі Жамбыл облысында оны тексеретін құрал жоқ. Сондытан оларды коронавирусқа соңғы бақылау сараптамасынан өткізе алмай, ауруханадан шығаруға тура келді", - дейді дәрігер.

Қазіргі уақытта ол вирусқа қарсы "Алувия" препаратын қабылдап жатыр екен. Сондай-ақ, дәрігердің айтуынша, Жамбыл облысының Денсаулық сақтау басқармасы дәрігерлердің коронавирус жұқтырғанын жасырып отыр.

"Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы медициналық қызметкерлердің арасында жұқтыру фактісі барын жасырып отыр. Неге мені жеке боксқа жатқызбайды? Дәрі-дәрмек пен қорғаныс материалдарына бөлінген ақша қайда кетті сонда? Неге облыста коронавирусқа ПЦР зерттеу жүргізілмейді, тест неге алынбайды? Жамбыл облысындағы медицина қызметкерлерінің коронавирус жұқтырғаны неге жасырылып отыр? Менің жұмыс кезінде коронавирус жұқтыруыма байланысты неге қызметтік тексеру?", - дейді дәрігер.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Таразда коронавирус жұқтырған әйелдің шағымына қатысты пікір білдірді. Ол Тауарлар қауіпсіздігі мен сапа бақылау комитетінің басшысы Людмила Бюрабековаға осы мәселені шешуді тапсырды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.