Тоқаев коммуналдық төлемдердің бағасын төмендету туралы тапсырмасын еске салды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коммуналдық төлемдердің бағасын түсіру туралы терген тапсырмасын еске салды.
17:02 10.04.2020
"Мен бұған дейін карантин жарияланған қалаларда коммуналдық төлемдердің бағасын төмендетуді тапсырған едім. Бірақ менің білуімше, қазір мұндай шешім орындалып жатқан жоқ", - деді Тоқаев.
Сонымен қатар президент басқа да маңызды мәселелерге тоқталды.
"Төтенше жағдай кезіндегі ең маңызды міндеттердің бірі – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің шекті бағасы белгіленді. Қазір көктемгі егіс науқаны басталды. Бұл – өте маңызды жұмыс. Сондықтан, үкімет және әкімдіктер осы жұмысты ерекше назарда ұстауы қажет", - деп қосты ол.
Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.
Біздің Telegram парақшамыздан соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліңіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!