Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ғалымдар коронавирусты тұмаудан ажыратуға болатын белгіні атады
АҚШ ғалымдары коронавирусты тұмаудан тоңып қалмау арқылы ажыратуға болатынын анықтады.
09:47 17.04.2020
Зерттеу нәтижесі бойынша, COVID-19-дың бастапқы белгісі ол - иіс сезу қабілетінің жоғалуы. Зерттеу авторларының бірінің сөзінше, коронавирус инфекциясының белгілері қарапайым тұмаудың мұрынның бітелуі, шырыштың бөлінуі деген секілді белгілерімен байланысты емес.
"Сонымен қатар, бұл COVID-19-ды маусымдық аллергиядан ажыратуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Цинциннати университетінің медицина факультеті отоларингология және хирургия кафедрасының доценті Ахмад Седагат.
Ғалымдардың пікірінше, иіс сезу қабілеті нашарлап, алайда басқа белгілер анықталмаған күннің өзінде науқас бірден оқшауланып, коронавирусқа арналған тесттен өтуі керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram