{metadescription}
Қарағанды облысында 6 айлық сәби коронавирус жұқтырды

Қарағанды облысында 6 айлық сәби коронавирус жұқтырды

Қарағанды облысында 17 сәуірде коронавирус инфекциясын жұқтырған үш науқас жайлы деректер айтылды.

Ауырғандардың бірі - 6 айлық бала. Оның ата-анасы вирус жұқтырған, жұқпалы госпитальда болған. Бала провизор госпиталінде болды.

Екінші науқас та Қарағанды тұрғыны. Ол 41 жаста. Бұрын вирус жұқтырғандармен жақын байланыста болған. Осыған дейін провизор госпиталінде болды. Үшінші науқас Теміртау тұрғыны. Ол да жұқтырғандармен жақын байланыста болған. 19 жаста.

Бүгінгі күні облыста 87 COVID-19 жұқтырған науқас тіркелген, оның ішінде бір науқас қайтыс болды және төртеуі сауығып шықты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде