Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда короновирус жұқтырған жүкті әйел босанды
Алматы қаласында Covid-19 вирусын жұқтырған жүкті әйел дені сау бала туды.
12:54 17.04.2020
Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Басқарма мәліметінше, 13 сәуірде әйел жүктіліктің 39-шы аптасында вирус жұқтырған адаммен байланыста болған адам ретінде №1 Қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілген. Талдау нәтижесінде оның коронавирус жұқтырғаны расталды. 15 сәуірде дәрігерлер кесарь тірлігімен әйелді босандырған. Дүниеге салмағы 3,5 келі ұл бала келді. Бұл әйелдің екінші баласы екен.
«Баладан шұғыл түрде анализ алынды. Нәтижесінде вирус жұқтырмағаны анықталды. Қазір нәресте балалар бөлімінде жатыр», - деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.
Баланың анасының жағдайы жақсы. Жақында инфекциялық ауруханаға ауыстырылады. Дәрігерлер анасы жазылғаннан кейін ғана баласын бермек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram