Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Коронавирустан жүз мыңдаған бала қайтыс болуы мүмкін
БҰҰ бас хатшысы Антониу Гуттереш коронавирус пандемиясы салдарынан жаһандық құлдыраудан кейін 2020 жылы жүз мыңдаған бала қайтыс болатынын айтты.
13:09 17.04.2020
"COVID-19 пандемиясы жаһандық құлдырауды бастады. Бұл адамдардың табысына кері әсер етіп жатыр. Жағдайы нашар отбасылар дұрыс тамақтана алмай отыр, ал бұл балалардың денсаулығына кесірін тигізеді", - деді Антониу Гутерреш.
Бас хатшы пандемия салдарынан әлемде барлық мектеп қашықтан оқып жатқанын атап өтті. БҰҰ есебіне сәйкес, әлемде 310 миллион бала үшін мектеп - күнделікті тамақтану көзі.
"Кейбір мемлекеттерде желшешек пен полиомиелитке қарсы балаларды егу тоқтап қалды. Коронавирус жұқтырғандар ауруханаларды басып қалғандықтан балаларға тиесілі ем көрсетілмей, көз жұмып жатыр", - деп қосты Гутерреш.
Айтуынша, әрбір елдің үкіметі айтылған мәселелерді шешу үшін осы бастан қимылдау керек. Өйткені мәселе ушығатын болса жүздеген мың бала жаппай қырылуы әбден мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram