{metadescription}
Рамазан айында пітір садақасын мобильді қосымша арқылы жіберуге болады

Рамазан айында пітір садақасын мобильді қосымша арқылы жіберуге болады

Қасиетті Рамазан айында пітір садақасын мобильді қосымша арқылы төлеуге болады.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ төралқасының онлайн отырысын өткізді.

"Төтенше жағдайға байланысты kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы пітір садақа мен зекет төлеуге болады. ҚМДБ пен банк басшылығы арасындағы келісім бойынша, жоба Рамазан айында жүзеге асырылады. Осы бағытта жұмыстар аяқталғаннан кейін біз интернетте қайырымдылық жинай бастаймыз. Бұл туралы қосымша хабарлаймыз", - деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.

Мобильді қосымшаға әр облыстың және республикалық маңызы бар қалалардың орталық мешіттерінің есептері жүктеледі. Тұрғындар үйден шықпай-ақ пітір садақа мен зекет (мұқтаждарға жыл сайынғы төлем) төлей алады.

Биыл пітір садақаның сомасы - 370 теңге. Зекеттің мөлшері елдегі ұнның орташа нарықтық бағасы бойынша есептеледі. Материалдық байлыққа ие адамдар мейіз немесе құрма есебіндегі пітір садақасын беруі керек. Биыл мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы 24 сәуірде басталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде