Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алдағы аптада жұмысын бастайтын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін кімдер пайдаланады
Алдағы аптада елордада жұмысына рұқсат етілген кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін кімдер пайдалана алатыны белгілі болды.
22:39 17.04.2020
Қала әкімдігі баспасөз орталығындағы онлайн баспасөз мәслихатында 20 сәуірден бастап жұмысын жалғастыратын кәсіпорындар мен қызмет көрсету орындарына кімдер бара алатындығы туралы сауал жолданды.
«Қазіргі кезде халық карантинде. Автокөлік салоны, көлік жуу, химиялық тазалау сияқты ашылатын қызмет көрсету нысандарына тұрғындар қалай барады. Карантин кезінде адамдардың қозғалысына шектеу енгізілген. Осы орайда аталған қызмет көрсету орындарына бару тәртібі қандай?», - деген сұрақ қойылды.
Өз кезегінде елорданың инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмурзаев аталған қызметтерді кімдер пайдаланатынын түсіндірді.
«Карантиннің басты мақсаты - ол коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу. Сондықтан жұмысын жалғастыратын мекемелердің қызметкерлері, құрылыс саласындағылар, такси, жедел жәрдем өкілдері аталған қызметтерді пайдалана алады», - деді басқарма басшысы.
Еске сала кетейік, ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасын жүзеге асыру аясында Мемлекеттік комиссия биылғы 20 сәуірден бастап қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жұмысын қайта бастайтын кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізімін бекітті. Осы орайда 20 сәуірден бастап елордада қандай кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысы жанданатыны айтылды.
Олардың қатарында: өнеркәсіптік, өндірістік кәсіпорындар; құрылыс саласы (құрылыс материалдарын өндіру және тасымалдау, оның ішінде жолдарды салу мен жөндеумен айналысатын компаниялар); санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейте отырып, ірі құрылыс дүкендері; көлік, қоймада сақтау, ауыл шаруашылығы саласына қызмет көрсету компаниялары; автокөлік салондары, автобөлшектер сататын дүкендер және қызмет көрсету станциялары (вулканизация, көлік жуу); химиялық тазалау, кір жуу қызметі; оргтехниканы жөндеу.
Осы аталған салалар үшін жұмыс кестесі сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін бекітілді. Мейрамханалар мен дәмханалардың онлайн-тапсырыс бойынша сағат 22: 00-ге дейін жұмысын жалғастырады. Сонымен қатар, екінші дәрежелі банктер сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Қызметкерлердің жалпы саны 50% аспауы керек. Ал нотариустар алдын ала жазылу арқылы жұмысын жалғастырады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram