Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Арман Шораев қамауға алынды
Президент жанындағы Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің бұрынғы мүшесі Арман Шораев қамауға алынды.
19:51 18.04.2020
Бұл туралы Полиция департаменті хабарлайды. Арман Шораевқа қатысты ҚР ҚК 274-бабының 4-бөлімімен Төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратты деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалған.
"Арман Шораев әлеуметтік желі арқылы бірнеше рет шындыққа сай келмейтін жалған ақпарат таратқан. Ол өз әрекетімен ТЖ кезінде қоғамдық тәртіпті бұзып, қоғам мен мемлекеттің заң арқылы қорғалатын мүддесіне нұқсан келтірген", - делінген хабарламада.
Арман Шораев ҚР ҚК 128-бабына сәйкес ұсталып, Қарағандыдағы уақытша ұстау орнына қамалды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Арман Шораев 2004 жылдан 2006 жылға дейін "Хабар" Агенттігі" АҚ орталық бюросын басқарды. Кейін "Хабар" Агенттігі" АҚ бас директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қоғамдық-саяси бөлімінің бас инспекторы болып жұмыс істеді. 2007 жылғы маусымнан бастап 2014 жылғы қарашаға дейін "Коммерциялық теледидар арнасы" АҚ "КТК"-ның бас директоры болды. 2019 жылдың шілдесінен 2020 жылдың наурызына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің мүшесі болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram