{metadescription}
Түркістан облысы карантинге жабылады

Түркістан облысы карантинге жабылады

19 сәуірден бастап Түркістан облысына карантин енгізіледі.

Бұл туралы облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті хабарлады.

«Көршілес аймақтармен шекарада санитариялық блок-бекеттердің жұмысы  күшейтіледі. Қалааралық, ауданаралық және ауыларалық қолжетімділік шектеледі, ал қоғамдық және жеке көлік қызметтері тоқтатылады. Қоғамдық орындар мен демалыс орындары, саябақтар жабылатын болады. Азық-түлік және киім нарықтарының жұмысы, сондай-ақ үй тауарларын өткізу жұмыстары тоқтатылатын болады. Балалардың ойын алаңдарында, көп қабатты үйлердің аулаларында ойнауға тыйым салынады. Отбасы мерекелерін, туған күндерін және үйлену тойларын тұрғылықты жері бойынша өткізу шектеледі», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, көшелерде және қоғамдық орындарда үш адамнан артық жиналуға тыйым салынады.  65 жастан асқан азаматтар үйден шықпай оқшаулануы тиіс.

«Тұрғындарға қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін олардың үйлерінің жанында орналасқан дүкендер мен дәріханаларда ғана жүруге рұқсат етіледі. Азық-түлік дүкендерінің жұмысы 09:00-ден 20:00-ге дейін шектеледі. Өңірге қажетті тамақ өнімдері мен материалдарды, өнеркәсіп тауарларын, құрылыс, медицина және көктемгі егіс жұмыстарына арналған материалдарды тасымалдайтын рұқсат құжаттары бар көлік құралдары ғана кіріп-шыға алады. Сондай-ақ медициналық көмекке мұқтаж азаматтар кіруге, шығуға мүмкіндік бар. Құрылыс индустриясы, көктемгі егіс, жұмыспен қамтудың жол картасы, тіршілікті қамтамасыз ету объектілері карантиндік режимге қарамастан штаттық режимде жұмыс істейтін болады», - делінген ақпаратта.

Қазіргі кезде облыста індет жұқтырған 57 науқас тіркелді. Олардың 7-і жазылып шықса, бір адам қатерлі індеттен көз жұмды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде