{metadescription}
Полиция киімін киген белгісіз біреу 16 адамды атып өлтірді

Полиция киімін киген белгісіз біреу 16 адамды атып өлтірді

Канаданың Жаңа Шотландия провинциясындағы атыстан кемінде 16 адам мерт болды.

18 сәуірде 51 жастағы Габриэль Уортман Портапик қаласында көшедегі адамдарға оқ жаудырды. Алдын-ала мәліметтер бойынша, оқ жаудырушы оқыс оқиға кезінде қайтыс болған. Құқық қорғау органдары қылмыскердің атылғанын растамайды.

Куәгерлер оның полицияның формасын киіп, полициянікіне ұқсайтын көлікпен жүргенін айтады. Бірақ ол ешқандай тәртіп сақшысы емес. Атыс сенбі күні Портапик деген шағын қаладан басталған. Полиция шабуылдаушыны тоқтақпақ болып, 12 сағат бойы арпалысқан. Жергілікті тұрғындарға ешқайда шықпау қажеттігі туралы ескертілген.

Баукеспе қолындағы қаруымен Жаңа Шотландиядағы бірнеше елді мекенде болған. Сондықтан оның нақты қанша адамды өлтіргені әзірге белгісіз. Атыс салдарынан 23 жастағы полиция қызметкері қайтыс болды, тағы бір құқық қорғау органы қызметкері жеңіл жарақат алды.

Қылмыстық әрекеттің мән-жайы әлі нақтыланып жатыр. Полиция басшысының сөзінше, шабуылдаушының алдымен нақты жоспары болған, кейіннен ол бей-берекет әрекет ете бастаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде