{metadescription}
42 500 теңге алғаны үшін ешкім қылмыстық жауапқа тартылмайды

42 500 теңге алғаны үшін ешкім қылмыстық жауапқа тартылмайды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге алған қазақстандықтың бірде біреуі жауапкершілікке тартылмайтынын мәлімдеді. 

"42 500 теңге алған бірде-бір адам, тіпті ол қателескен болсын қылмыстық жауапқа тартылмайды. Осымен осы мәселеге нүкте қояйық. Біз ешкімді тексермейміз, бұл әлеуметтік төлем. Үй-үйді аралап, тексеріс жасамаймыз. Уайымдамаңыздар, сізге берілсе, алыңыз, жұмсаңыз. Тексерсе, бізді тексереді", - деді министр Нұр-Сұлтанда өткен онлайн брифингте.

Еске салайық, мұның алдында 42 500 теңгені алуға тапсырылған барлық өтініштің заңға сәйкестігі тексерілетіні айтылған еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.