Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жемқорлыққа қарсы агенттіктің қызметкерлері моншада демалған жерлерінде ұсталды
Антикоррупция қызметі төтенше жағдай режимі кезінде ведомствоның моншада жүрген қызметкерлеріне қатысты қызметтік тергеуді бастады.
15:17 20.04.2020
"Департамент қызметкерлеріне қатысты қызметтік тергеу басталды, тергеу қорытындысы бойынша қажетті шара қолданылады", - деді ведомство өкілдері.
Полиция 18 сәуірде сағат 22:30-да рейд жүргізген. Олар "Избушка" монша кешені төтенше жағдай режимін бұзғанын анықтаған.
"Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойынша "Избушка" монша кешенінің 30 жастағы иесі, сондай-ақ клиенттері, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген Ақмола облысының полиция департаментінің хабарламасында.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері қалған бұзушыларды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram