Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Арман Шораев қолхатпен босатылды
Белгілі журналист және қоғам белсендісі Арман Шораев қолхатпен босатылды.
15:45 20.04.2020
Бұл туралы оның қорғаушысы Джохар Өтебеков өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
"Арман Шораев бостандықта! Ішкі істер министрлігінен шықтық. Енді үйге бара жатырмыз. Барлығы жақсы! Арман қамауға алынбайды. Ол жазылым негізінде босатылды. Осындай үлкен қолдауларыңыз үшін бәріңізге рақмет!", - деп жазды Джохар Өтебеков.
Еске салайық, мұның алдында Арман Шораевтың ұсталғаны хабарланған болатын.
"Азамат А. Т. Шораев бірнеше рет әлеуметтік желілер арқылы жалған мәліметтерді таратқан. Өз әрекеттері салдарынан Арман Шораев төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпті бұзды және қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келуіне қауіп төндірді", - делінген еді Алматы қаласы полиция департаментінің хабарламасында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram