Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Таразда 2 жедел жәрдем көлігі соқтығысып, бір көлік аударылып қалды
Тараз қаласында екі жедел жәрдем көлігі соғысып, бес адам ауруханаға жеткізілді.
08:41 21.04.2020
Облыс орталығындағы Төле би және Қойгелді көшелерінің қиылысында екі жедел жәрдем көлігінің соғысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы облыстық полиция департаменті әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Жол қиылысында қызыл жарықтан өткен біреуі екіншісін қағып кетті. Соққы салдарынан көліктердің біреуі бір жағына қарай аударылып кетті. Әр түрлі дәрежедегі жарақат алған бес адам Орталық қалалық ауруханаға жеткізілді. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - делінген ведомство хабарламасында.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram