{metadescription}
Коронавирустан үрейленген шетелдік туристер бір айдай үңгірде тығылған

Коронавирустан үрейленген шетелдік туристер бір айдай үңгірде тығылған

Коронавирустың таралу қаупінен енгізілген карантин режимінде тұратын адамдар қолдан келгенше үйреніп жатса, шетелдік алты турист індеттен Үндістандағы үңгірде жасырынған.

Полиция қызметкерінің айтуынша, бір топ турист Үндістанның солтүстігінде орналасқан Уттаракханд штатындағы Ришикеш қаласы маңындағы үңгірде бір айға жуық уақыт тұрған. Полиция туристерді жексенбі күні анықтаған. Олардың арасында Франция, Түркия, Украина, АҚШ және Непалдан жиналған төрт ер адам мен екі әйел бар. Олар мұндай шешімге 24 наурыз күні ақшалары таусылғандықтан келіпті. 

Полиция қызметкерлері шетелдіктерді анықтағаннан кейін оларды 14 күндік карантинге жіберіпті. Олардың ешқайсыныың бойынан коронавирустың белгілері байқалмаған. Үндістан шекарасы жабылмай тұрыс туристер Муни Ки Рети ауданындағы қонақ үйде тұрып келген. Өз елдеріне қайта алмағандықтан олар ақша үнемдеу мақсатында үңгірге қоныс аударған. 

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди 25 наурыздан бастап 14 сәуірге дейін елде қатаң оқшаулау режимін енгізді. Кейін ел билігі карантинді кемінде 3 мамырға дейін ұзартқан. 20 наурыздан бастап туристерге Уттаракханд штатына кіруге тыйым салынған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.