{metadescription}
Зерттеушілер: Коронавирус түрленіп жатқандықтан қауіптілігі одан сайын артуда

Зерттеушілер: Коронавирус түрленіп жатқандықтан қауіптілігі одан сайын артуда

Коронавирус мутацияға ұшырап, қазіргі таңда 30 түрлі вирустың штамына түрленген.

Сол себепті онымен күресу де қиынға соғуда. Қытайдың Чжэцзян университетінің ғалымдарының мәлімдеуінше, қазіргі таңда SARS-COV-2 вирусының ондаған түрі кездеседі екен. Қытайда анықталған вирус штамдары ең қауіптілердің бірі көрінеді, қазір осыған ұқсас вирус Еуропада таралуда. Ал АҚШ-тағы коронавирус әлдеқайта әлсіздеу сыңайлы. Зерттеудің авторлары вирустың мутацияға ұшырауы індеттің ауырлығына әсер ететінін алға тартады. 

Ғалымдар вирусты адам ағзасындағы жасушаларға етене еніп, оларды толығымен жойып жіберетін қасиетке ие екенін анықтапты. Қытай мен ауру асқынып кеткен Еуропаның Италия мен Испания сынды мемлекеттерінде вирустың ең күрделі түрлері табылыпты. Дәл осы коронавирус штамы АҚШ-тағы ауру ошағына айналған Нью-Йорк қаласында да тараған екен. 

Дереккөз: Stan.kz 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.