Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қарағандыда тұрғындар далаға дискотекаға шықты
Төтенше жағдай режимін бұзғандарды 10 АЕК айыппұл немесе 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы күтіп тұр.
14:38 21.04.2020
Қарағандыда төтенше жағдайға қарамастан Майқұдық тұрғын үй алабының тұрғындары далаға шығып, би биледі. Полиция музыка қойып, дискотека ұйымдастырғандарды анықтады. Дискотеканың видеосы желіде жарияланды. Коронавирус індеті өршіп тұрғанына қарамастан, ондаған адам балаларымен сыртқа шығып, көңіл көтерген.
"Айғай-шу қайда?!"- дейді "асаба" видеода.
Содан соң "Кешірім сұраймын, ренжімеңіздер, жоғарыдан хабарласып, музыканы сөндір деп жатыр", - деп жалғастырды ол.
Полиция видеоны зерделеп, режимді бұзғандарды тапты.
"Музыка қойып, дискотека ұйымдастырғандар анықталды. Хаттама толтырылып жатыр. Олар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойынша жауапқа тартылады. Оларды 10 АЕК (1 айлық есептік көрсеткіш - 2 778 теңге) айыппұл немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы күтіп тұр", - деп мәлімдеді Қарағанды облысы полиция департаментінен.
Көшеде өз бетімен қыдырып жүрген балалардың ата-аналары төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жауапқа тартылады, деп хабарлады полициядан. Бұған дейін Көкшетауда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері моншада демалғаны үшін жұмыстан қуылған еді.
Дереккөз: sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram