Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ораза кезінде антисептик қолдануға бола ма
Төтенше жағдайға байланысты жұқпалы індеттің алдын алу үшін мешіттерде жұма, тарауық, күнделікті жамағат намазы уақытша оқылмайды.
15:12 21.04.2020
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ораза кезінде антисептикті қолдануға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, антисептіктің құрамында спирт болса да, төтенше жағдай кезінде пайдалануға рұқсат етіледі. Ондай шаралар адамның денсаулығын қорғауға арналған. Сол себепті оразаны бұзбайды.
"Әрине, Алла қаласа, оразаны бұзбайды. Біз жай жағдайда емес, төтенше жағдайдамыз ғой. Сондықтан осындай кезде адамның денсаулығына зиян тигізбейтін, қайта қорғайтын дүниелерді біздің шәриғатымыз қолдайды", - деді Тағанұлы бүгінгі онлайн брифингте.
Биыл қасиетті Рамазан айы 24 сәуірде басталады. Төтенше жағдайға байланысты жұқпалы індеттің алдын алу үшін мешіттерде жұма, тарауық, күнделікті жамағат намазы уақытша оқылмайды. Сонымен қатар, мешіт пен қоғамдық орындарда ауызашар берілмейді. Ал пітір садақаның мөлшері 370 теңге деп бекітілді. Оны онлайн түрде аударуға болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram