Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Орал қаласы маңындағы орман арасынан әйел адамның мүрдесі табылды
Орал қаласы маңындағы орман арасынан әйел адамның мүрдесі табылды.
15:39 21.04.2020
БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, 1981 жылғы әйелдің денесі қалаға қарасты Серебряков кентінен 7 шақырым жерде 18 сәуір күні сағат 17.00-де табылған. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Өлімнің себебін анықтау үшін мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
«Әйелмен соңғы рет байланыста болған 1992 жылғы ер адам анықталды. Сот-медициналық сараптама қорытындысынан кейін түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады», - деді Б.Белгібеков.
Айта кетейік, әйел қалаға қарасты Круглоозерный кентінде тұрған. Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, марқұм ертең жер қойнына беріледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram