Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Еліміздегі 6 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Еліміздегі алты облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды,.
16:10 21.04.2020
22 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-18 м/с күтіледі.
Сол күні Көкшетау қаласында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с жетеді.
22 сәуірде Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Сол күні күндіз Ақтөбе қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетуі мүмкін.
22 сәуір Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с. Күндіз кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі.
Сол күні күндіз Орал қаласында оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с күтіледі.
22 сәуірде күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
22 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші түнде кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.
Сол күні күндіз Қостанай қаласында найзағай, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
22-23 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде 23 сәуірде басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Күндіз 22, тәулік бойы 23 сәуірде кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 23 сәуірде желдің күші 15-20, екпіні 23-28 күтіледі.
Сол күні түнде және таңертең Петропавл қаласында тұман күтіледі. 23 сәуірде найзағай жарқылдайды. 22 сәуірде күндіз, 23 сәуірде тәулік бойы оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. 23 сәуірде күндіз желдің күші 23-28 жетуі ықтимал.
Дереккөз: Қазгидромет
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram