{metadescription}
Алматыдан еліміздің төрт қаласына ұшақ қатынай бастайды

Алматыдан еліміздің төрт қаласына ұшақ қатынай бастайды

Рейстерде санитарлық талаптар күшейтіледі, ұшақ салонында аз жолаушы болады және олардың арасында ара қашықтық сақталады.

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімімен 4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан бірнеше қалаға әуе рейсі қайта жанданады.

"4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылорда, Петропавл, Өскемен және Семей қаласына ұшуға болады. Рейстерде санитарлық талаптар күшейтіледі. Сонымен қатар ұшақ салонында аз жолаушы болады, жолаушылар арасында белгілі бір қашықтық сақталады", - делінген ақпаратта.

Бұған дейін 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы арасында әуе рейсі іске қосылатыны хабарланған еді.

Қазақстанның бас санитар дәрігерінің шешіміне сәйкес, әуе қозғалысы кезінде барлық санитарлық талаптар сақталуы керек. Ұшақ жолаушыларына қойылатын негізгі талап – коронавирус жоқ екенін дәлелдейтін анықтаманың болуы. Сонымен қатар жолаушылар міндетті түрде медициналық бетперде тағып, бір-бірінен қашық отыруы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде