Бекшин алматылық жас-жұбайларға үйлену тойларын кейінге шегеруге кеңес берді
Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қала тұрғындарынан коронавирус пандемиясына байланысты үйлену тойларын кейінге шегеруді сұрады.
22:25 30.04.2020
Жандарбек Бекшинмен өткен онлайн-брифингте журналистер "той маусымы" басталуына орай іс-шараларда қонақтардың саны бойынша қандай шектек болатынын сұрады.
"Коронавирус жұқтыру төмендегенге дейін біз қашықтықтағы қағидатты ұстанамыз. Біз түрлі бұқаралық іс-шараларға, соның ішінде мерейтойлар, үйлену тойларына тыйым салынуын бақылауда ұстаймыз. Әрине, біз болашақ жас жұбайлардан әрбір отбасы үшін өте маңызды осындай іс-шараны кейінге қалдыруды сұраймыз", - деп жауап берді Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары