Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Премьер-министрден коронавирус анықталды
Ресейдің Премьер-министрі Михаил Мишустин өзіне коронавирус диагнозы қойылғанын айтты.
08:09 01.05.2020
«Коронавирусқа тапсырған тест менің науқас екенімді көрсеткені жаңа ғана мәлім болды», - деді ол РФ Президенті Владимир Путинмен видеобайланыс барысында.
Мишустин өзінің бірінші орынбасары Андрей Белоусовты уақытша министрлер кабинетінің басшысының міндетін атқарушы қызметіне ұсынды.
«Үкімет әдеттегідей жұмысын жалғастырады. Мен барлық маңызды мәселелер бойынша телефонмен және бейнесюжеттермен белсенді байланыста болуды жоспарлап отырмын. Уақытша Андрей Ремович Белоусовтың кандидатурасын ұсынамын», - деді Премьер-министр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram