Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қызылордада карантин кезінде ауызашар берген тұрғынға айыппұл салынды
Қызылордада карантин кезінде ауызашар берген тұрғын жауапкершілікке тартылды.
10:08 01.05.2020
26 сәуірде қызылордалық үйінде ауызашар берген. Оған қаланың әр түкпірінде тұратын таныстарын шақырған. Артынан олар моншаға түскен.
«ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 476-бабына сәйкес (төтенше жағдай режимiн бұзу) бес азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған құжаттар сотқа жолданды. Сот шешімімен тәртіп бұзушыларға айыппұл салынды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда Қызылорда облысында коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған 201 адам тіркелді. Оның ішінде 118 адам емделіп шықты.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram