{metadescription}
Ресейлік телеарна Билл Гейтстің адамзаттың бір бөлігін жою туралы жоспарын айтты

Ресейлік телеарна Билл Гейтстің адамзаттың бір бөлігін жою туралы жоспарын айтты

Ресейлік Бірінші телеарнасындағы "Адам және заң" бағдарламасының авторлары  Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс пен оның коронавирусты әлемге таратудағы рөліне бейнеролик арнады.

"Әлемдік пандемияның трояндық жылқысы" атты бағдарламада миллиардер адамзаттың бір бөлігін жойғысы келетінін айтады. Бағдарлама пандемияның халық пен экономикаға әсері жайлы ілім Event 201- ден басталды. Олар өткен жылдың қазан айында өткен еді. Оны Джонс Хопкинс университеті Билл және Мелинда Гейтс қорының және дүниежүзілік экономикалық форумның қатысуымен өткізді.

Сюжет барысында авторлар Гейтске қатысты конспирологияны қолдайтын адамдарды ақтады. Мысал ретінде Африка мен Азия елдерінің тұрғындарын вакцинациялау нәтижесінде тұрғындар түрлі аурулар мен кері әсерден, соның ішінде өлім-жітім оқиғаларынан зардап шеккенін айтты.

"Міне, саған, мейірімді доктор Айболит Билл Гейтс. Сонда миллиардер ғаламшардың популяциясын қысқарту үшін ДДҰ - ға демеушілік ететінін көреміз", - деп мәлімдеді бағдарламадыа.

Ролик соңында көрермендерге Microsoft негізін қалаушы инвестициялайтын вакциналары бар әлем туралы ойлауды ұсынды. Содан кейін "адамзатты чиптеу" туралы сөз болды. Бағдарлама авторлары осындай әдіспен "жарамсыз" адамдарды жүйеден алып тастауға мүмкіндік береді деп санайды.

Дереккөз: Stan.kz 


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.