Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Елімізде орташа жалақы 199 206 теңгені құрады
2020 жылғы І тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 199 206 теңгені құрады.
14:08 01.05.2020
Атаулы жалақы индексі өткен жылғы тиісті тоқсанына 118,2%, ал нақты жалақы индексі 111,5% құрды. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда – 444,0 мың теңгені құраған. Бұл орташа республикалық деңгейден 2,2 есеге асты.
Қаржы және сақтандыру қызметінде - 371,1 мың теңге (1,9 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 338,7 мың теңге (1,7 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 305,4 мың теңге (1,5 есеге асты), көлік және жинақтау саласында– 245,8 мың теңге (1,2 есеге асты) белгіленген.
Ең төменгі атаулы жалақы ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығының қызметкерлерінде белгіленген – 105,1 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 47,2% %-ға төмен.
Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 346,4 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есеге асады. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 141,7 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 28,9%-ға төмен.
Дереккөз: Baq.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram