{metadescription}
Тоқаев Ресей премьер-министріне коронавирустан тез айығуды тіледі

Тоқаев Ресей премьер-министріне коронавирустан тез айығуды тіледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинге коронавирустан тез жазылуды тіледі.

"Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинге тезірек сауығып кетуді тілеймін. Қазақстан мен Ресей коронавирусқа қарсы күресте бірге белсенді жұмыс істеп жатыр. Біз бірлескен күш-жігердің арқасында туындаған қиындықтарды жеңетінімізге сенімдімін", - деп жазды Президент Twitter-парақшасында.

Бұған дейін Ресей премьер-министрі коронавирус жұқтырғаны хабарланған. Михаил Мишустин РФ президенті Владимир Путинге коронавирус жұқтырғанын, өзін-өзі оқшаулауға кеткенін мәлімдеген болатын.

"Құрметті Владимир Владимирович, коронавирусты анықтауға  тапсырған тестілер оң нәтиже берді. Осыған байланысты және Роспотребнадзордың талаптарына сәйкес мен тиісінше өзін-өзі бақылауды сақтауға, дәрігерлердің нұсқамаларын орындауға тиіспін. Бұл менің әріптестерімді қорғау үшін қажет", - деген еді Мишустин Путинге.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.