{metadescription}
Өзбекстанда бөгет жарылып, бірнеше елді мекенді су басты

Өзбекстанда бөгет жарылып, бірнеше елді мекенді су басты

1 мамырда Өзбекстанның Сырдария облысында Сардоба су қоймасындағы бөгеттердің бірі жарылып, айналасындағы елді мекендерді су басты. 

Төтенше жағдай министрлігі, ұлттық гвардия сарбаздары тұрғындарды қауіпсіз жаққа көшіре бастаған. Соңғы мәлімет бойынша, су қоймасы маңындағы елді мекендерде тұратын 11 мыңнан астам адам көрші ауданға көшірілген. Президент Шавкат Мирзияев Сырдария облысы Сардоба ауданына шұғыл жеткен.

"Ағын су Сардоба ауданындағы Қорғантөбе ауылының біршама бөлігін басып қалған. Зардап шеккендер жоқ, мамандар келтірілген шығын көлемін есептеуге кірісті", – делінген төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз хабарламасында.

Облыстағы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің жеке құрамынан 430 адам және 5 техника, Жызақ облысының ТЖД жеке құрамынан 120 адам мен 6 автотехника және басқа да салалық кәсіпорындар мен әскери құрылымдардан 300-ден астам адам қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қалпына келтіру жұмыстарына жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар туралы ақпарат жоқ. Куәгерлердің айтуынша, әуелі халық арасында "1А совхоз" атпен белгілі елді мекенге су жеткен, кейінірек өзге ауылдарды су басқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде