{metadescription}
Ким Чен Ын 20 күннен кейін халық алдына шықты

Ким Чен Ын 20 күннен кейін халық алдына шықты

Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ын 20 күннен кейін алғаш рет көпшілік алдында көрінді.

Сенбі, 2 мамырда Солтүстік Кореядағы билеуші "Нодон синмун" Еңбек партиясының ресми баспа органы Ким Чен Ынның суреттерін жариялады. Бұл ел басшысы қатысқан 20 күндегі алғашқы іс-шара. 

Суреттерде мемлекет басшысы жанындағы адамдармен әңгіме-дүкен құрып, күлімсіреп тұр. Ким Чен Ынның ауырғаны туралы БАҚ өкілдері жазған сыбыстарға қарамастан, ол көңілді әрі сау көрінеді. Суреттер 1 мамыр күні Пхеньян түбіндегі Сунчхон қаласында тыңайтқыш өндіретін зауыт құрылысының аяқталу салтанатында жасалған.

Ким Чен Ын бірнеше мекен-жайларды, соның ішінде шикізатты өңдеу, сары фосфор және фосфор-азот тыңайтқыштарын өндіру цехын, буып-түю цехын қарап шыққан. Айта кетейік, Ким Чен Ын көпшілік ортада 12 сәуірден бері көрінбеген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.