Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Президент Мақтааралдағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді тапсырды.
12:47 02.05.2020
Бұл туралы ол өзінің Тwitter-дегі парақшасында жазды.
«Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылу салдарынан Түркістан облысының Жеңіс және Жаңа тұрмыс ауылдарын су басты. Бүгін премьер-министр Асқар Мамин мен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ауыл тұрғындарын эвакуациялау бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады. Зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді тапсырдым», - деп жазды ол.
Естеріңізге сала кетейік, 1 мамырда Сардоба су қоймасы бөгетін су шайып кетуіне байланысты Өзбекстанның Сырдария облысындағы елдімекенді су басты. Соның салдарынан Мақтаарал ауданында шекара маңындағы бірнеше коллектор суға толып қалған. Мақтааралдағы орталық коллектордан су төгіліп, Жеңіс, Жаңа тұрмыс ауылдарын су алып кетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram