Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Юпитерден әлдеқайда үлкен ғаламшар табылды
Гавайи университетінің Астрономия институты басқарған астрономдар тобы салмағы Юпитердің салмағынан үш есе үлкен Kepler-88 d алып ғаламшарын тапты.
16:31 02.05.2020
Ол Жерден 1243 жарық жыл қашықтықтағы Kepler-88 жүйесінде орналасқан. Бұл туралы The Astronomical Journal ғылыми журналында жарияланған.
Ғалымдар жоғары ажыратымдылықтағы HIRES спектрометрі орнатылған Кек I телескопы (Гавайи) арқылы алты жыл бойы алынған мәліметтерді талдады. Олар Kepler-88 жұлдызының эллиптикалық орбитасы мен төрт жылдық айналымы бар төртінші ғаламшары бар екендігіне көз жеткізді. Kepler-88 b және Kepler-88 c екі ғаламшары жұлдызға әлдеқайда жақынырақ. Kepler-88 b мининептуны 11 күнде айналым жасайды, бұл Юпитердің өлшемімен бірдей Kepler-88-дің 22 күндік айналымын құрайды.
Бұдан бұрын, осы жылдың сәуірінде, Аризона университетінің астрономдары 2004-2006 жылдары Фомальгаут жұлдызында бақылаған Дагон немесе Фомальгаут b алып экзоғаламшары негізінде ешқашан болмағандығын хабарлаған еді. Алайда, ғаламшарға ұқсайтын бұл нысан астероид өлшеміндей екі аспан денесінің соқтығысуы екен.
Дереккөз: Baq.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram