Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда базарлардың ашылуына неге тыйым салынып отыр
Алматыда 4 мамырдан бастап ашылатын сауда орындарына базарлар жатпайды.
22:22 02.05.2020
Азық-түліктен басқа базар саудасының ашылуына неге тыйым салынып отырғанын қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев онлайн брифинг барысында түсіндірді.
«Ауданы 500 шаршы метр болатын азық түліктен басқа тауарлар дүкендерінің ашылуына рұқсат беріледі. Егер ШОБ субьектілері базар мен сауда үйі территориясында орналасса оларға рұқсат берілмейді. Дүкендер жеке орналасуы керек. Базарлар мен сауда үйлеріне, орталықтарына рұқсат әлі жоқ», - деді Сапарбек Тұяқбаев.
4 мамырдан бастап шаштараздар (алдын-ала жазылу бойынша), фотосалондар мен гүл дүңгіршектері, жылжымайтын мүлік компаниялары, валюта айырбастау орындары жұмысын қайта бастайды. Қызмет көрсету саласы бойынша аяқ киім жөндеу, химиялық тазалау, баспа ісі бойынша нысандардың жұмысын іске қосуға рұқсат етілген. Қала әкімінің орынбасарының айтуынша, аталған нысандарды ашудың арқасында 41,4 мың адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram