Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Мақтааралда су басқан ауылда қалып қойған тұрғын құтқарылды
Мақтаарал ауданындағы су жайылған Өргебас ауылында бір адам құтқарылды.
12:05 03.05.2020
Бұған дейін Мақтааралдың Өргебас ауылын су басқан.
«194 үйлік Өргебас ауылы бүгін таңнан бері эвакуациялануда. ТЖД мамандары ауыл аралау барысында тізесінен жарақаттанып, жүре алмай қалған 1996 жылы туған Бақдәулет Бимурзаев атты тұрғынды құтқарып, қауіпсіз жерге жеткізді», - делінген хабарламада.
Ауыл тұрғынының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Дәрігерлер денсаулығын тексеріп жатыр.
«Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су тасқынына орай жарияланған төтенше жағдайға байланысты әлеуметтік желіде Мақтаарал тұрғындарына көмек көрсету бойынша жалған қорлар құрылып, қаржы жиналып жатыр. Бұл фактімен Ішкі істер департаменті айналысуда. Қиын жағдайға ұшыраған мақтааралдықтарға қолдау білдіруші қайырымды азаматтар үшін төмендегідей қордың жұмыс істейтіндігін хабарлаймыз», - делінген хабарламада.
«Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры.
Түркістан қаласы, Қызылорда тас жолы 34А
БСН: 100440016000
Кбе 18, КНП – 119,
«Halyk Bank» АҚ
ИИК: KZ886010001000002491
БСК HSBKKZKX
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram