Коронавирус: бір күнде екі адам көз жұмды
Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирус салдарынан көз жұмғандар саны 27-ге жеткенін хабарлады.
18:20 03.05.2020
Қазақстанда коронавирустан 27-ші адам көз жұмды. Шымкентте Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқас қайтыс болды. Сондай-ақ, елде коронавирус расталған тағы 36 жағдай тіркелді.
"Алматы қаласы - 7, Маңғыстау облысы - 2, Нұр-Сұлтан қаласы - 4, Атырау облысы - 2, Қарағанды облысы - 1, Шымкент қаласы - 5, Жамбыл облысы - 2, Түркістан облысы - 1, Шығыс Қазақстан облысы - 3, Батыс Қазақстан облысын 9 адам вирус жұқтырды", - деп жазылған ақпаратта.
Қазақстан бойынша барлығы - 3913. Мың адам дерттен жазылып шықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!