{metadescription}
Коронавирусқа қарсы вакцина қашан жасалатыны айтылды

Коронавирусқа қарсы вакцина қашан жасалатыны айтылды

АҚШ президенті Дональд Трамп COVID-19 вирусына қарсы вакцина жылдың аяғына дейін жасалатынын айтты.

"Менің ойымша, бізде вакцина осы жылдың аяғына дейін болуы керек", - дейді Трамп Fox News телеарнасының эфирінде.

Ол әкімшілік тұрғыдан алғанда, ел билігі мен жекелеген ведомстволар қажетті ережелер мен рұқсаттарды, соның ішінде белгілі бір дәрілерді қолдануға рұқсатты бекіту үшін "мүмкіндігінше тез жұмыс істейді" деп атап өтті.

Айта кетейік, осыған дейін АҚШ-тың Аллергия және инфекция ұлттық институтының басшысы Энтони Фаучи COVID-19 вирусына қарсы вакцина 2021 жылдың қаңтарында жасалатынын айтқан болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде