Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
СҚО-да үй өртеніп, бір әйел қаза тапты
Солтүстік Қазақстан облысы Червонное елді мекенінде тұрғын үйден өрт шығып, бір әйел қаза тапты.
15:49 04.05.2020
СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 2 мамыр күні болған. Ғабит Мүсірепов ауданы, Червонное елді мекеніндегі Школьная көшесінде жеке тұрғын үй өртенді. Жалын 80 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт сөндірушілер баспананың ас бөлмесінен 54 жастағы әйел адамның денесін тапты.
Алдын-ала болжам бойынша, өрттің шығуына отты абайсыз пайдалану себеп болған. Жалпы, жыл басынан СҚО-да өрт салдарынан 16 адам қаза болып, 7 адам жарақат алды. Мамандардың айтуынша, тілсіз жау құрбаны көбіне әлеуметке бейімделмеген және ішімдікке салынған адамдар болады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram