{metadescription}
Медициналық масканы көшеде де тағу керек - министрлік

Медициналық масканы көшеде де тағу керек - министрлік

Бұл туралы онлайн баспасөз мәслихатында Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті.

«Біртіндеп тұрғындарға үйден шығуға, серуендеуге әрі спортпен айналысуға рұқсат берудеміз. Алайда топтасып жиналған дұрыс емес. Бүгіннен бастап спортпен шұғылдануға рұқсат етілген», - деді А. Есмағамбетова.

Сонымен қатар ол медициналық масканы тағуға қатысты түсінік берді.

«Маска тағуға қатысты сұрақ көп. Біз халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, шешім шығарамыз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы берген мәлімет бойынша, далада масканы адам тыныс алу жолдарын қолымен ұстамас үшін тағуы керек. Себебі, бұл - вирус жұқтырудың бірден бір жолы. Біз далада маска тағу керек дегенде осыны басшылыққа аламыз. Зерттеулерге сүйенсек, адам 3 минут ішінде еріксіз түрде, яғни байқамастан бетін, мұрнын, көзін бес ретке дейін ұстауы мүмкін», - деді Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 4 мамырдан бастап далада спортпен шұғылданып, жаттығу жасауға рұқсат етілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.