{metadescription}
Көкшетауда ерлі-зайыпты зейнеткерлерді қатыгездікпен өлтірген күдікті ұсталды

Көкшетауда ерлі-зайыпты зейнеткерлерді қатыгездікпен өлтірген күдікті ұсталды

Ұсталған азамат - Ақмола облысының Щучинск қаласының 24 жастағы тұрғыны.

Айта кетейік, сәуірдің 30-ы күні Көкшетауда аса қатыгездікпен қинап өлтірілген 1937 жылғы ер адам мен оның 1943 жылғы жұбайының денесі өз пәтерінде табылған болатын.

«Бірнеше нұсқалар қаралды. Нәтижесінде жедел тергеу шарасы кезінде күдікті анықталып, Көкшетау қаласында қолға түсті. Белгілі болғандай, сәуірдің 29-ы күні Щучье қаласының 24 жастағы тұрғыны тонау үшін Есенберлин көшесінің бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерге кірген. Алайда, оны үй иелері көріп қалған, ол қылмыстың ізін жасыру үшін ерлі-зайыптыларды өлтіріп, жеке мүліктерін алып кеткен. Ұсталған кезде, күдіктіден заттай дәйектер алынды», - деп түсіндірді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Ұсталғаннан кейін күдіктіден айғақты заттар табылып, тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

«Қылмыстық кодекстің 99-бабының екінші бөлігіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тергеу үшін басқа ешқандай ақпарат ашылған жоқ», - деп хабарлады полициядан.

Осы бап бойынша кінәлі он бес жылдан жиырма жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе мүлкін тәркілеумен немесе онсыз өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде